Канн кинофестивалінде Джонни Депп көзіне жас алды
Сурет: wikimedia
"Жанна Дюбарри" фильмінің көрсетілімінен кейін қошеметке бөленген голливуд актері Джонни Депп көзіне жас алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
12 жылда актер алғаш рет Канн кинофестивалінің қызыл кілемімен жүріп өтті. Бұл жаңалық жанкүйерлерін бей-жай қалдырмады. Олар жеті минут бойы тоқтаусыз қол соқты. Осы сәтте Депп эмоциясын жасыра алмады. Сахнада көз жасын сүртіп, режиссерді құшақтады, деп жазды People басылымы.
Johnny Depp is teary-eyed as "Jeanne du Barry" receives a seven-minute standing ovation following its premiere at #Cannes2023. https://t.co/vCSwNkhYVL pic.twitter.com/NAigHMBwny
— Variety (@Variety) May 16, 2023
Шарада Джонни Депп түскен "Жан Дюбарри" фильмі көрсетілді. Актер Франция королі Людовик XV-тің рөлін сомдады.
Депп үш жылдық үзілістен кейін актерлік өнерге қайта оралды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript