Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрі БҚО жұртшылығымен кездесу өткізді

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2022 23:39 Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңір жұртшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы сөз қозғай отырып, ол "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы бекітілгенін және биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң қабылданғанын атап өтті.

Ол қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы заң жобасын қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, сақтандыру қаражаты есебінен пациенттердің денсаулығына келтірілген залалды өтеуді көздейтінін айтты.

Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын көтеру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту, Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін халықтың, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындардың барынша ұтқырлығы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін Ғиният атап өтті.

Батыс Қазақстан облысында 365  медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектілері жұмыс істейді, бұл республиканың барлық  медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының 6% - ын құрайды. 

Министрдің мәліметінше, республика бойынша 2025 жылға қарай медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 500 нысанын салу жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысында "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында 2025 жылға дейін 46 амбулаториялық-емханалық нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарланған.

Ведомство басшысы БҚО тұрғындарын жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз арнайы мамандарға жүгіну қолжетімділігі туралы хабардар етті, бұл енді амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларында жазылған. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде тексеру мен емдеуді жеделдету үшін "жасыл дәліз" енгізілген, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдікті пациенттер 18 жұмыс күні ішінде консультация алып, тексеріледі.

"Мектеп медицинасын жетілдіру шеңберінде оқушыларды профилактикалық тексеру тәсілдерін жүйелеуге және асқазан-ішек жолы, тірек-қимыл аппараты, көру және т. б. ауруларды ерте анықтауды күшейтуге мүмкіндік беретін жаңа стандарт енгізілетін болады, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,5 есеге ұлғайтылады, бұл ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулық сақтауға жеке шығындарын азайтуға мүмкіндік береді", - деді Ажар Ғиният.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету тізбесін кеңейту және қайта қарау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

"Біздің ведомствоға жүгінулердің басым бөлігі арнайы мамандарға қол жеткізуге қатысты, дегенмен біз жыл сайын сұранысқа ие мамандықтар бойынша гранттарды көбейтудеміз. Бүгінгі күні біз 4 мың дәрігер түлекті шығарудамыз, бірақ олардың басым бөлігі жеке клиникаларға кетеді, сол кезде біз осы медициналық ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты орналастырамыз, адамдар сонда барып МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді кедергісіз ала алады", - деп Ажар Ғиният кездесуге қатысушылардың бейінді мамандарға ақылы негізде амалсыздан жүгіну туралы сұрақтарына жауап берді.

Еңбек ардагері Жұмабай Есқалиев уақытылы сапалы кардиологиялық көмек көрсеткен Орал қаласының №6 емханасының дәрігерлері мен медбикелеріне алғысын білдірді. 

Кездесуде үкіметтік емес ұйымдардың бірінің өкілі Аслан Өтепов әртүрлі сауда атаулары бар синтетикалық есірткілерді заңсыз тарату мәселесін көтерді. 

"Біз бұл мәселелерді Бас прокуратура мен ІІМ-мен көтеріп, барлық дәріханалар бойынша осы препараттарды рецептісіз беру бойынша рейдтермен шығамыз. Ертең осы мәселеге байланысты облыста дәріхана ұйымдарына баруды жоспарлап отырмыз", - деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин.

БҚО Ардагерлер ұйымы өкілдерінің бірі Ажар Ғиниятқа ведомство тарапынан ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарына жіті назар аударғаны үшін, азаматтармен осындай қарапайым тікелей қарым-қатынас жасағаны үшін шын жүректен алғыс айтып, денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелерін шешуге үлкен үміт білдірді. 

Кездесу соңында министр ведомствоның ашықтығын, қоғаммен ашық сындарлы диалогқа дайындығын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: