Денсаулық сақтау министрі коронавирус туралы: Жағдай тұрақты
![ҚР Денсаулық сақтау министрі, коронавирус, пандемия, бетперде, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 14:17](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-1677f70c-a382-4337-a1d7-88944824278b/800x451.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Республика «жасыл» аймақта. Алматы 4 шілдеден бастап «сары» аймаққа енді, қалада сырқаттанушылар саны айтарлықтай өсті, – деді Ажар Ғиният үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, індет жұқтырғандардың көбі Алматы мен Нұр-Сұлтанда. Осыған байланысты ол тұрғындарға халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағуға кеңес берді.
Жағдайлардың 80%-ы вакцина салдырмаған немесе алты айдан кейін қайта салдырмағандар. Көбісі жеңіл түрімен ауырып жатыр. Бүгінде республика бойынша 220 науқас стационарда ем қабылдап жатыр, оның 11-інің жағдайы ауыр, бірақ ӨӨЖ аппаратына қосылған науқастар жоқ. Ажар Ғиният
Айта кету керек, Қазақстанда коронавируспен сырқаттанғандар саны қайта көбейіп жатыр. Қазір олардың саны 187-ге жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript