Денсаулық сақтау министрі COVID-19 бойынша жаңа болжам айтты

Денсаулық сақтау министрлігі, коронавирус, болжам, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2022 12:43 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында коронавирус індетіне қатысты жаңа болжам айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Вирустың ерекшелігін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына түсетін ауыртпалықты ескере отырып, министрлік әкімдіктермен бірлесіп, таралу болжамын жасады. Болжам бойынша, тамыз айында аурушаңдықтың орташа тәуліктік өсуі шамамен 4 мың болады. Одан кейін қыркүйек айында төмендейді деген болжам бар. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан 2 тамыздағы мәлімет бойынша, қазір 27 351 адам коронавирус инфекциясынан (–27 129+ және 222 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 1 539 пациент стационарда, 25 812 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 37 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: