Ақтөбеде жүк көлігі екі автобуспен соқтығысты

Ақтөбеде жүк көлігі мен екі маршруттық автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 маусым күні Ақтөбе қаласында, Самара – Шымкент тас жолында жүк көлігі мен аялдамада тұрған №21 және №45 маршруттық автобустардың қатысуымен жол апаты болды.

Сурет: Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
HOWO жүк көлігінің жүргізушісі 45 жолаушы мінген №21 автобуспен, ал №21 автобус 33 жолаушы мінген №45 автобуспен соқтығысты. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Оқиға салдарынан автобустағы жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Сурет: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Сурет: Ақтөбе облысының полиция департаменті
Бөлісу
0
Толық оқу