Алматыда жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысты
Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry Серіков көшесімен батыс бағытта келе жатқан.
Жеңіл көлік жүргізушісі аяқ асты тоқтап қалған алдағы көлікпен соқтығысудан қашпақ болып, қарсы бетке өтіп кеткен. Ал, мұнда шығыс бағыт бойымен Isuzu жүк көлігі келе жатқан, осылайша олар бетпе-бет соқтығысты.
Апат салдарынан екі көлік те қатты зақымданды. Жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Toyota Camry көлігінің жолаушысы да ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеді.
Toyota Camry автокөлігін тексеру барысында мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің жоқтығы анықталды. Жүксалғышта үш нөмірлік белгілер жиынтығы табылды: біреуі транзиттік, болжам бойынша грузин үлгісі және екі қазақстандық нөмірлер жиынтығы. Мамандар жүргізушінің жеке басын анықтау үшін көліктен саусақ іздерін алды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын және Toyota Camry жүргізушісінің жеке басын анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ЖКО куәгерлерін тергеуге жәрдемдесу үшін қолда бар ақпаратты беруге шақырады.




