Алматыда жеңіл көлік ағаштарды кесіп өтіп, қарсы бағыттағы автокөлікпен соқтығысты
Сурет: Zakon.kz
Алматыда 21 қыркүйек күні Toyota Camry мен Subaru Legacy көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апат Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысына жақын жерде болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, шығыс бағытта қозғалып келе жатқан Toyota Camry ұзақ бұрылыста жол жиегінен шығып кетіп, бөлгіш жолақтағы бірнеше ағашты зақымдап, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Сол жерде қарсы бағытта келе жатқан Subaru Legacy көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан екі жүргізуші де зардап шекті. Subaru жүргізушісі жеңіл жарақат алған, ал Toyota жүргізушісінің аяғы ауыр жараланған.
Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келді. Жол апатының себептері анықталуда.
Апат салдарынан Әл-Фараби даңғылында көлік кептелісі пайда болды.
Бұған дейін Алматыда такси жүргізушісінің жас қызды зорлады деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript




