Атырауда жол апатына түскен көлік өртеніп кетті

Атырау, жол апаты, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2022 13:46 Сурет: polisia.kz
Атырауда Toyota Ipsum және Mazda көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан көліктердің бірі жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, жол апаты 11 қазанда болған. 01.00 шамасында Toyota Ipsum автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі С.Бейбарыс даңғылымен келе жатып, И.Тайманов даңғылының қиылысында жол ережесін сақтамай, Mazda көлігіне соғылған.

Соққының салдарынан оқиға орнында Toyota Ipsum жанып кеткен. Жүргізушілер облыстық ауруханаға жеткізілді, – ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сурет: polisia.kz

Сурет: polisia.kz

Полицейлердің мәліметінше, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мас болған.

Қазір тиісті құжаттарды жинау жұмыстары жүріп жатыр, көліктер арнайы тұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: