Петропавлдағы көлік тұрағында алты көлік өртеніп кетті

автотұрақта өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 15:38 Сурет: СҚО Төтенше жағдайлар департаменті
Петропавлда қамыс өртеніп, ол қоймаға жайылған. Өрт салдарынан алты көлік жанып, төртеуі зақымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
14 сәуір күні сағат 16:30-де Солтүстік 1Б көшесінде қамыс өртеніп, ол автотұрақ аумағына өткен. Өрт салдарынан алты көлік жанып, төртеуі зақымданды.Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өрттің жалпы аумағы – 15 гектар.

Ведомствода нақтыланғандай, автотұрақ «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не тиесілі.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: