Жаңалықтар тізбегі
0

Прокуратура: Референдумда басқа біреудің орнына дауыс беру – заңмен қудаланады

ҚР Бас прокуратурасы, референдум, заң бұзушылық, дауыс беру, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 12:20 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев Референдумға қатысты үндеу жариялап, 4 маусымда сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт жүргізу аяқталатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл үгітке, соның ішінде қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін немесе референдум нәтижелерінің болжамдарын жариялаумен ұштасқанға референдум өткізілетін күннің алдындағы күні және ол өткізілетін күні, яғни 4 және 5 маусымда тыйым салынады.Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев

Ол осы күндері – үгітке тыйым салынған кезеңде ол жүргізілген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша жауаптылық туындайтынын атап өтті.

Сондай-ақ ведомство өкілі басқа біреу үшін дауыс беру заңмен қудаланатынын ескертті.

Екі немесе одан да көп рет не басқа біреу үшін дауыс беру немесе учаскелік референдум комиссиясы мүшесінің азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында дауыс беруге арналған бюллетеньдерді беру ӘҚБтК-нің 108 және 110-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғатынына да назар аударамыз.Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев

Бас прокуратура заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.

Жоғарыда келтірілген заң талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, олар туралы ден қою шараларын қабылдау үшін прокуратура органдарына дереу хабарлауды сұраймыз.Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: