Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

Нұр-Сұлтан, көпір, қыз, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 14:29 Сурет: pexels
Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған қызды ұландар мен тұрғын құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 маусым күні сағат 12:15 шамасында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ерзат Нұрғалиев, Шон Қадұлрафик пен Фархад Апбазов Сарайшық көшесінің бойындағы көпірден суға секірмек болған азаматшаны байқады, деп жазды Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы.

Ведомствоның мәлімдеуінше, қызды құтқаруға сарбаздарға қала тұрғыны да көмекке келіпті.

Қатардағы Ерзат Нұрғалиев жағдайды тез бағамдап, ысқырығымен дауыстап қыздың назарын өздеріне аударады. Сол сәтте қасынан велосипедпен кетіп бара жатқан азамат не болып жатқанын түсініп, көпірдің шетінде тұрған қызды екі қолымен құшақтап ұстап қалады. Ұландық жауынгерлер де көпірге шығып, қызды қауіпсіз жерге шығарады. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан, көпір, қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 14:29

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, 31 жастағы азаматшаның мұндай қадамға баруына жігітімен ұрысуы себеп болған.

Айта кету керек, қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқанда велосипедпен жүрген елордалық жігіт еш үндемей үйіне кетіп қалған. Осылайша оның кім екені анықталмаған күйде қалды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: