Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында жасөспірімдер мінген көлік бірнеше рет аударылды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 20:43 Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Макинск – Ақсу – Торғай тас жолының 129 шақырымында ауыр жол апаты орын алды. Аударылу кезінде көліктен 13, 15 және 16 жастағы кәмелетке толмаған балалар ұшып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 маусымда шамамен сағат 07:20 шамасында Volkswagen Golf маркалы көлікті тізгіндеген Степногорск қаласының 2007 жылғы кәмелетке толмаған тұрғыны жол ортасында рөлге ие бола алмай, тас жол жиегіне ұшыпа кетіп, бірнеше рет аударылды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Жол апатынан кейін жасөспірімдер жолай көлікке мініп, Степногорск қаласына өздігінен жеткен. Болған оқиғаны ата-аналарына айтқан соң түрлі дене жарақаттарымен олар ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі, яғни "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сараптама тағайындалды.

Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Тексеру барысында әпкесінің күйеуіне (жездесіне) тиесілі көліктің кілтін 15 жастағы жасөспірім үйден сұраусыз алып кеткені белгілі болды. Достарын көлікпен қыдыртамын деген жасөспірімнің ойы қайғылы жағдайға айнала жаздады. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін үйде болмағаны үшін олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы, яғни "Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Полиция облыс тұрғындарын балаларына мұқият болуға, олардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне, сондай-ақ көлік құралдарын басқаруға жол бермеуге шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: