Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда бір шендіге 30 млн теңге айыппұл салынды

Пара алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2022 12:16 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары пара алды деп айыпталды. Ол ақшаға шаруа қожалықтарына күн панельдерін орнатуға субсидия алуға көмектесуге уәде еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, шенеунік 2019-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 705 мың теңге көлемінде пара алған, деп жазады "Лада" басылымы.

Қылмыстық істің екінші фигуранты мемлекеттен субсидия алу мақсатында qoldau порталына жалған шарттар енгізіп, сатып алынған тауарлардың нақты құнынан бағаны жоғарылатып көрсеткен. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын 6 млн 903 мың 275 теңгені құрады.

Сот үкімімен өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары кінәлі деп танылды. Оған алған параның 40 еселенген көлемінде, яғни мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 28 млн 200 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Оның серіктесіне үш жылға шартты мерзім беріліп, пробациялық бақылау орнатылды.

Тағы екі сотталушы 367-баптың 2-бөлігі "Лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беру" бойынша жазаға тартылды. Оларға пара сомасының 20 еселенген мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: