Жаңалықтар тізбегі
0

Референдум – шетелдік сайлау учаскелері жұмысын бастады

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 08:57 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтіп жатыр. Еліміздегі сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал шетелдіктер сайлау участкелерінің ішінде бірінші болып Жапония мен Корея елі ашылды,деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапония мен Корея Республикасында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда өздерінің конституциялық дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Токиодағы референдумда бірінші болып дауыс берген қазақстандық ең жас сайлаушы Әлижан Салиев болды, ол бір күн бұрын 18-ге толды. Бұл оның бірінші сайлауы және ол бұл құқығын қуана пайдаланды.

Мен жақында 18 жасқа толдым, мен үшін мұндай тарихи оқиғаға алғаш рет қатысу өте қуанышты. Бұл да үлкен жауапкершілік, өйткені Конституцияны жаңарту кезінде менің дауысым да ескерілетін болады. Мен Қазақстанның Жапония сияқты дамыған ел болғанын қалаймын. Әлижан Салиев

Оңтүстік Корея астанасында №258 учаскеге бірінші болып Сеулде тұрып, кәсіппен айналысып жүрген ерлі-зайыпты Хәкім Данабаев пен Аруна Жәнібек келді.

Мен кореялық серіктестермен бизнес жасаймын. Олардың өз еліндегі жағдайды қалай талқылап, саяси өмірге белсене араласатынын жиі көремін. Ал соңғы он жылда мен бірде-бір сайлауды жіберген емеспін. Бұл жолы мен де өз дауысымды беруге келдім, өйткені референдумға қатысу – біздің азаматтық борышымыз. Балаларымыздың болашағы біздің дауысымызға байланысты. Хәкім Данабаев

Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Ұлан-Батор қалаларындағы сайлау учаскелері де өз жұмысын бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: