Референдум-2022: Нұр-Сұлтан қаласының аудандарында сайлаушылардың ағыны көп

Таңертеңнен бері Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, референдумда дауыс беру үшін кезекке тұрды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сурет: Telegram/REFERENDUM2022.KZ3
Демалыс күніне қарамастан сайлау учаскелерінің барлығында дерлік сайлаушылар легі байқалады.

Сурет: Telegram/REFERENDUM2022.KZ3
Нұр-Сұлтанда таңғы сағат 7-ден бастап барлығы 348 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, оның 248-і ашық, 35-і жабық, тағы 65-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.
Бөлісу
0
Толық оқу