Референдумға сайлаушылардың 60 пайыздан астамы дауыс берді

референдум Сурет: Zakon.kz
Брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумға 7,1 миллионнан астам сайлаушы дауыс бергенін айтты. Бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жалпы санының 60 пайызынан асады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталық референдум комиссиясына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссияларынан ұсынылған мәліметтерге сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республикадағы азаматтардың жалпы 60,8 пайызы немесе 7,1 миллион сайлаушы дауыс берді. Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов

Аймақтар бойынша сайлаушылардың қатысуы келесідей:

  • Ақмола облысы – 65,11%,

  • Ақтөбе – 53,52%,

  • Алматы – 66,58%,

  • Атырау – 56,19%,

  • Батыс Қазақстан – 57,7%,

  • Жамбыл – 67,36%,

  • Қарағанды ​​– 68,69%,

  • Қостанай – 69,18%,

  • Қызылорда – 72,26%,

  • Маңғыстау -53,13%,

  • Павлодар – 64,58%,

  • Солтүстік Қазақстан – 69,8%,

  • Түркістан – 72%,

  • Шығыс Қазақстан – 68,3%,

  • Нұр-Сұлтан – 48,4%,

  • Алматы – 25,95%,

  • Шымкент – 63,34%.

Жалпы республика бойынша 11,7 миллион азамат референдумда дауыс беру құқығына ие.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз