Қазақстанда пластик бөтелкелер мен қалдықтарды экспорттауға тыйым салынады

пластик бөтелке, қалдық Сурет: unsplash
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2022 жылғы 27 мамырдағы «Полиэтилентерефталат қалдықтарының экспортын реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда:

  • бөтелкелерді және сыйымдылығы 2 литрден аспайтын ұқсас өнімдерді;

  • басқа бөтелкелер, колбалар және сыйымдылығы 2 литрден асатын ұқсас бұйымдарды;

  • пропилен полимерлерінің пластмассаларының қалдықтары, кесінділері және сынықтарын Қазақстан аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады.

Осыған байланысты ҚР Сауда және интеграция министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссияны аталған тыйымның енгізілгені туралы хабардар ету тапсырылды.

Бұйрық 2022 жылғы 14 маусымда күшіне енеді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз