Қазақстанда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салынды
Сурет: pixabay
2022 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, Қазақстан аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады:
көліктің барлық түрлері: мыс, алюминий, қорғасын қалдықтары мен сынықтары, сондай-ақ пайдаланылған қорғасын батареялары, батареялардың қалдықтары мен сынықтары;
автомобиль және теңіз көлігімен: қара металдардың сынықтары мен қалдықтары.
Бұйрық 2022 жылдың 6 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript