Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде қалдырды

Қазақстан, Ұлттық банк, базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде қалдырды Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13% болады.

Шешім қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада инфляция тәуекелдерінің ағымдағы теңгерімі, сондай-ақ Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдары ескеріле отырып қабылданды. Базалық мөлшерлеменің осы деңгейі жаңа күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда 2024 жылға қарай инфляцияның бірқалыпты төмендеуін қамтамасыз етеді. Ақша-кредит талаптары 2023 жылы инфляциялық процестердің баяулауына қарай қалпына келеді, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Сонымен қатар Ұлттық банк «базалық мөлшерлеме бойынша одан әрі шешімдер инфляцияның нақты динамикасының болжамды траекторияға сәйкестігіне және сыртқы орта мен ішкі экономикада туындайтын тәуекелдердің теңгеріміне байланысты қабылданатынын» хабарлады.

ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 25 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз