Алматыда Сайын көшесі жартылай жабылады

Уақытша шектеу Сурет: Zakon.kz
Алматы көшелерінде уақытша көлік жүрісі тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9-12 маусым күндері сағат 08:00 мен сағат 19:00 аралығында Саин көшесінің Райымбек даңғылынан Марғұлан көшесіне дейінгі бөлігінде батыс бағытта көлік жүрісі уақытша шектеледі.

Сонымен қатар, жаңа асфальт жабынын төсеу үшін 10 маусым күні сағат 22:00-ден 11 маусым сағат 06:00-ге дейін Саин-Шаляпин көшелері қиылысындағы жолайрық толығымен жабылады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз