Қазақстанда ағаш экспортына тыйым салынды
Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен 2022 жылғы 8 маусымнан бастап ағаш материалдарының жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Атап айтқанда, «сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдарды» қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салады.
Осыған дейін қолданыста болған «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы бұйрығымен ел аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу 2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 7 маусымды қоса алғанда қолданылған болатын.
Бұйрық 2022 жылғы 8 маусымда күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript