Қазақстан қантты экспорттауға тыйым салады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы бұйрығымен ақ қант пен шикі құрақ қантты экспорттауға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қант пен шикі құрақ қантты экспорттауға алты айға тыйым салу енгізілсін, делінген құжатта.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіпте аталған шараларды қолдану туралы хабардар ету тапсырылды.
Бұйрық 2022 жылғы 23 мамырда күшіне енеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript