Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда қазақ тілін үйренушілерге арналған «Жайлауда» курсы басталды

Жайлауда акциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 21:57 Сурет: pixabay
Қалалық саябақта мемлекеттік тілді үйрететін «Ана тілі» орталығының ұйымдастыруымен «Жайлауда» атты акция өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ана тілі» орталығы мемлекеттік бағдарлама аясында өзінің қазақ тілін үйретуге арналған курстарының бір күнін саябақта өткізді. Киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрді үйрету бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Орталық директоры Шолпан Кинжикова шараның мақсаты басқа да адамдардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығын ояту екенін атап өтті, делінген Pavlodarnews.kz хабарламасында.

Бүгін оқушыларыма киіз үйде арнайы дастархан жайдым. Одан бөлек, әжелеріміз жастарға ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетеді, үйретеді. Ұлдарға қамшы өруді көрсетуде. Мұның бәрін қазақ тілін оқымай жүргендерге ой тастау үшін, түрткі болу үшін жасап жатырмыз. Бізде Наталья есімді келіншек бар. Үш айда еркін сөйлейтіндей игеріп алды. Яғни, тілді меңгеру санаға байланысты. Ынта болса, жылдам меңгеруге болады. «Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кинжикова

Сол үш айда қазақ тілін меңгерген 38 жастағы Наталья Коленко мемлекеттік тілде өзінің қалай үйренгенін айтып берді.

Осы орталықта қазақ тілін үйренудемін. Қазақша сөйлеу - біздің азаматтық парызымыз. Өйткені Қазақстан - біздің ортақ үйіміз. Сондықтан қазақ тілін білген жөн. Сабақтарда сөздерді, сөйлемдерді аударамыз, сөйлейміз, суреттерді сипаттаймыз. Интерактивті әдістер пайдаланылады. Мен қарқынды курстан өттім. Сондықтан жылдам үйрендім. Бәрін «Ана тілі» орталығына шақырамын, - деді Наталя Коленко.

Шара барысында тілді меңгерушілерге «квест» шешу, диалог құру, сөйлем құрау ойындары арқылы тапсырмалар берілді. Балаларға дөңгелек үстелдің басында қазақ тілінен сабақтар өтті.

Шараға жиналғандарға саябақта пісірілген ыстық бауырсақ таратылды.

Сонымен қатар, шара барысында «Amanat» партиясы Павлодар қалалық филиалы ұлттық ойындар ұйымдастырып, балаларға тәтті сыйлықтар таратты.

Орталықтың қолдауымен қазақ тілін үйретіп жүрген тіл волонтерлерінің бірі, Кенжекөл мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақмарал Артықбаева облыс орталығында 60-қа жуық бала қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты.

Мамыр айында «Отбасымызбен бірге үйренейік» атты жоба басталды. Бастапқыда 40 отбасы жазылған болатын. Бірақ тұрақты 10-нан астам отбасы келіп қатысады. Көп ата-аналар жұмыста болғандықтан уақыттары шықпай жатады. Сондықтан балаларын жібереді. Сол отбасыларда 60-қа жуық бала қазақ тілін үйреніп жүр. Сүлеймен Баязитов атындағы кітапханада күнде 2 сағат сабақ өтеді. Отбасылық қарым-қатынасқа қажетті сөздерден бастап үйренеді. Тілді әжептәуір меңгеріп қалғандар бар, - деді Ақмарал Артықбаева.

Айта кетейік, Қазақстанда тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері Павлодар облысында қала, аудандарды қосқанда 1100 адам қазақ тілін меңгеруде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: