Қосшыда мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібіне арналған семинар өтті

Мемлекеттік рәміз, Ақмола облысы, Қосшы, семинар , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 18:41 Сурет: Zakon.kz
Қосшы қаласында Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен "Менің Қазақстаным" акциясы аясында танымдық семинар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Семинар барысында спикерлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихи қалыптасуы, символикалық мәні және оларды қолдану тәртібі жөнінде ақпарат ұсынды.

Айта кетейік, "Менің Қазақстаным" патриоттық акциясы еліміздің білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімшелерде, спорт федерацияларында және мемлекеттік мекемелерінде жүйелі түрде ұйымдастырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: