Астанада цифрлық қауіпсіздікке арналған ауқымды форум өтті - видео
Сурет: Zakon.kz
Іс-шара "Заң және тәртіп" концепциясының аясында ұйымдастырылды.
Шараны Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА), Zakon.kz, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Астана әкімдігі бірлесіп өткізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның мақсаты — халыққа цифрлық гигиена негіздерін түсіндіру, жаңа алаяқтық схемаларынан қорғану жолдарын үйрету.
Бағдарлама интерактивті форматта өтеді: конкурстар, театрландырылған көріністер, перформанстар және әзілдер ұсынылды. Модераторлар — ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан мен журналист Динара Сәтжан.
Форум барысында "Дипфейк: цифрлық алдаудың нақты оқиғалары" тақырыбында панельдік сессия өтті. Сонымен қатар MMA әлем чемпионы Василий Тахтай сөз сөйледі.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, форум қазақстандықтардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және интернеттегі алдауға қарсы қорғаныс дағдыларын нығайтуға ықпал етеді.
Форумның онлайн трансляциясын "Правмедиа" YouTube-арнасынан көрсетілді.