Қосшыда бірнеше көшені су басты

9 тамыз күні толассыз жауған жаңбыр салдарынан Ақмола облысының Қосшы қаласында бірқатар көшені су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Қосшы қаласы Лесная Поляна шағын ауданын жаңбыр суы басып қалды.
Құтқарушылар Ақмола облысында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр
"Қазіргі уақытта құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деді Қосшы қаласы 35-МӨСБ бастығы Тұрарбек Апакаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript