Алматы маңындағы өзен кенерінен асып, супермаркет пен бірнеше көлікті су басты
Сурет: Zakon.kz
Нөсер жаңбыр салдарынан Ақсай өзені кенерінен асып, Алматы маңындағы супермаркеттердің бірін су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода екі қабатты супермаркет іргетасы су астында қалған, сол маңда тұрған бірнеше көлік те суда тұр. Видео авторы бұл "Алтын орда" маңында, "Барлық" базарының жаны екенін айтады.
"2026 жылдың 1 шілдесінде, сағат 16:10 шамасында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Ақсай өзенінде су деңгейі көтеріліп, өзен арнасынан асты. Салдарынан Ташкент тас жолы бойында орналасқан "Тоймарт" дүкенінің аумағын су алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, мол жауын-шашын, сондай-ақ су өткізгіш коллектордың жеткіліксіз өткізу қабілеті (аз көлем) су деңгейінің көтерілуіне және оның арнадан шығуына әкеліп соқтырған. Судың еркін ағуына кедергі келтіретін қосымша фактор өзен арнасында қоқыстың жиналуы болды", деп түсіндірді Алматы облыстық әкімдігі.
Сондай-ақ, оқиға орнында жағдайды тұрақтандыру үшін екі трактор мен бір тиегіш техника жұмыс істеп жатқаны айтылады. Өзен арнасын тазарту және судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар жүргізілуде.
"Анықтама: жол көпірі мен автомобиль жолы Алматы қаласының коммуналдық меншігінің балансына жатады. Жағдайды жергілікті атқарушы органдар бақылауға алды. Қазіргі уақытта су тасқынын жою бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда", – деп толықтырды әкімдіктен.
Сонымен қатар, 1 шілдеде Алматы облысының Қаскелең шатқалында өзен тасып, көпірді жартылай қиратты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript