Жаңалықтар тізбегі
0

Жайық кенерінен асып, Орал маңындағы саяжай аумақтарына су жайылды

Жайық кенерінен асып, Орал маңындағы саяжай аумақтарына су жайылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 14:41 Сурет: primeminister.kz
21 сәуірде түстен кейін Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді. Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 21 сәуірде түнде үлкен судың таяуына байланысты жергілікті әкімдік Орал қаласында қосымша эвакуациялық пунктердің тізімі жариялаған болатын. 



"БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келді. Адамдар алдын ала эвакуацияланған болатын. Алайда, жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жайық өзені жағалауына жақын аудандар бойынша:

  • Желаев кенті "Рахмет" супермаркетінен теміржолға дейін - №44, №28 орта мектеп.
  • Желаев кенті теміржолдан Вербовая көшесі 4 және 2-үйге дейін тұратындар - №24 орта мектеп.
  • Желаев кенті Вербовая көшесі 4 және 2-үйден Чкалов көшесімен "PITSTOP" жанар-жағар май стансасының арты - №16 орта мектеп.
  • Ет комбинаты ауданы "PITSTOP" жанар-жағар май стансасының арты – Шыңғырлау көшесіне дейін - №34 орта мектеп.
  • Ет комбинаты ауданы Шыңғырлау көшесінен Шүкіров көшесіне дейін - №5 және №23 орта мектеп. 
  • Ет комбинаты ауданы Шүкіров көшесі Бұхар көшесіне дейін - №42 орта мектеп.
  • Әмбебап дүкені ауданы "ЗапКазРЭК"-тен (ОралПЕТГАЗ) А.Құсайынов көшесіне дейін - №16 және №39 мектеп.
  • А.Құсайынов көшесінен Орал-1-ге дейін - №26 және №4 орта мектеп.
  • Орал 1-ден Т.Жароков көшесіне дейін - №35 орта мектеп.
  • Т.Жароков көшесінен Стеллаға дейін - №35 орта мектеп.
  • Курени ауданы Стелладан Н.Назарбаев даңғылына дейін - №7 орта мектеп.
  • Курени ауданы Н.Назарбаев даңғылынан М.Горький көшесіне дейін - №19 және №21 орта мектеп.
  • Жәңгір хан көшесінен Коминтерн ауылына дейін, ветстанса ғимараты - №30 орта мектеп.
  • Коминтерн ветстансадан Свободная көшесі ¼-үйге дейін - №10 орта мектеп.
  • Коминтерн Онискин көлінен (Nur ER) "Стеновик" стадионына дейін - №47 орта мектеп.

Шаған өзені жағалауына жақын аудандар бойынша

  • Пугачев ауылынан Исатай-Махамбет көшесіне дейін - №45 орта мектеп.
  • Исатай-Махамбет көшесінен С.Даумов көшесі 79-үйге дейін - №50 орта мектеп. 
  • С.Даумов көшесі 79-үйден Н.Сыдықов көшесіне дейін – БКМ.Резервтік эвакопунктер - №38, №37 орта мектептер және эстетикалық бағыттағы гимназия.

Айта кетсек, 21 сәуірдегі таңертеңгі ақпарат бойынша, Орал қаласы маңындағы Жайық өзенінің деңгейі 852 сантиметрді құрап, қауіпті деңгейден (850 см) асқаны хабарланған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: