Ақтөбеде "Taza Qala" акциясы өтті
Сурет: Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы
Республикалық Жастар күнін атап өтуге арналған Тұжырымдама аясында 7-9 тамыз аралығында "Жастар Елге!" кешенді іс-шарасы аясында "TAZA ALEM" волонтерлық бағыты бойынша өткен экологиялық акция қала жастарының бойына патриотизмді насихаттап, табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру мақсатында жүзеге асырылды.
Акцияға орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков пен орталық қызметкерлері, Астана және Алматы аудандарының Пробация қызметінің қызметкерлері, студенттер мен белсенді жастар, қоғамдық бірлестік мүшелері жалпы саны 60 жуық адам қатысты.
Халықаралық жастар күні қарсаңында өткен акцияға қатысушылар орталық тарапынан санитарлық құрал - жабдықтармен (тырма, күрек, сыпырғыш) және қапшықтар, арнайы қолғаптар мен экологиялық акцияға арналған футболка, кепкалармен қамтамасыз етіліп, олардың тасымалы үшін 3 автобус көлігі шығарылды.
Орталық тарапынан жағалауларды тазалау жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
12 тамыз – Халықаралық жастар күні екенін баса айта кетелік.



