Марат Шоранов ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Марат Шоранов 1975 жылы Алматыда дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.У.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын және Эмори университетін бітірген.
2013-2017 жж Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеген.
2017-2019 жж - Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2020 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript