Жаңалықтар тізбегі
0

«Ақын» фильмі Бразилияда үздік деп танылды

Ақын филмі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2022 12:35 Сурет: Facebook/Kazakhfilmstudios.kz
1-9 маусым күндері Бразилияда өткен Olhar de Cinema халықаралық кинофестивалінде режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі «Басқа көзқарастар» бөлімінде «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фестивальдің «Басқа көзқарастар» бөлімінде 10 елден небәрі 8 фильм ұсынылған еді. Бұл бөлімде әлемдік кинематографияның жаңалықтары мен басқа фестивальдерде танымал болған фильмдер көрсетілді.

«Ақын» фильмінің Қазақстаннан сонау алыстағы Бразилияда, планетамыздың арғы бетінде көрсетіліп, қабылданып жатқанына өте қуаныштымын. Бұл жеңіс фильм түсіргенде өзіңе шыншыл болсаң, соған бар күшіңді жұмсасаң, туындыны бәрі түсінетінін тағы бір дәлелдейді. Бүкіл кино тобын осы бағалы жүлдені иеленуімен құттықтаймын. Жаңа жеңістерді күтеміз, – деді Дәрежан Өмірбаев.

Сонымен қатар «Ақын» фильмі Париждегі Жорж Помпиду атындағы заманауи өнер музейінде көрсетіледі. Онда Берлин кинофестивалінің үздік фильмдері көрсетілетініні туралы фильмнің продюсері Юлия Ким хабарлады.

La Berlinale à Paris бағдарламасын Берлиналенің көркемдік жетекшісі Карло Чатриан және Помпиду мұражайының дирекциясы құрастырған. Шоулар 10-26 маусым аралығында өтеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген қазақ фильмі 18 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де көрсетіледі.

Айта кетейік, «Ақын» фильмі Berlinale Forum халықаралық кинофестивалінде жүлде алған еді. Бұл фильм Қазақстанда 14 сәуірден бастап прокатқа шықты. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Ақын» фильмі технологиялар дамыған қазіргі заманда өнердің қоғамда алатын орны туралы ой қозғап, поэзияға сұраныс азайған дәуірде ақынның күйініші туралы сыр шертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: