Тоқаев Ұлытау облысының әкімін тағайындады

Ұлытау облысының әкімі Сурет: akorda.kz
Жаңа облыс - Ұлытауға әкім тағайындалды. Бұл лауазымды қызметке Берік Әбдіғалиұлы келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, делінген Ақорда жариялаған ҚР Президентінің Жарлығында.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Тараз қаласындағы №45 гимназияны бітірген. Білімі бойынша тарихшы, сонымен қатар ол жоғары оқу орнын "Аймақтық және муниципалды менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған. Атап айтқанда, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғады.

10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

Әр жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Ал осы тағайындауға дейін Мәжіліс депутаты болды.

Еңбек өтілі:

  • 1994-1995 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, 1995-1997 жылдар – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.

  • 1997-1999 жылдарда ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарды.

  • 1999-2001 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.

  • 2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.

  • 2002-2005 жылдары «Ақ жол» ҚДП Ұлттық зерттеулер институтының директоры, «Саяси ағарту қоры» ҚҚ президенті болып жасады.

  • 2005-2006 жылдары – «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры.

  • 2007-2008 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігінде бас инспектор, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 2008-2010 жылдары – «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» ҚҚ директоры.

  • 2010 жылғы қаңтар мен 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі.

  • 2012 жылы – 1-ші Вице-Премьердің кеңесшісі.

  • 2012 жылғы мамыр мен 2013 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.

  • 2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

  • 2016-2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, ҚР Қорғаныс министрлігі.

  • 2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – ҚР Ұлттық мұражайының «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі,

  • 2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – ҚР Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі.

  • 2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

  • 2021 жылдан бүгінге дейін Мәжіліс депутаты болған.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз