ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2020 19:58 primeminister.kz
Бұл лауазымды қызметке Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов келді.

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған. 2002-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған.

2012-2014 жылдары Астана қаласы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген. 2014-2016 жылдары Қарағанды қаласы, ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: