Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-қа келетін жолаушылардан енді COVID-19 бойынша тест талап етілмейді

Карантин шаралары, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2022 14:52 Сурет: pixabay
АҚШ соңғы ғылыми деректер мен пандемия жағдайын зерттеуді жалғастыра береді. Егер жағдай өзгерсе, тестілеуден өту қажеттілігін қайтару мәселесі қайта қаралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) 12 маусымнан бастап барлық әуе жолаушыларда АҚШ-қа бағыт алатын рейс алдында COVID-19 бойынша ПТР-тест анықтамасын немесе COVID-19-бен ауырып, жазылғаны туралы құжаттарды талап етуді доғарады.

Тесті алып тастауды туризм индустриясының өкілдері талап еткен. Өйткені елге келер алдында тест тапсыру талабы туристер үшін үрей тудырады. Олар тест үшін шекарада қалып қоюымыз мүмкін деп қорқады.

Аурулардың алдын алу мен қадағалау орталықтары бұл саясатты 90 күннен соң қайта талқыға салмақ. Билік өкілдері елде вирустың жаңа штамдары табыла қалса, тестілеуді қайта енгізу еш қиындық тудырмайтынын айтады.

Айта кетсек, 2021 жылдың қаңтарынан бастап, АҚШ-та ұшақ жолаушыларынан рейс алдында үш күн бұрын коронавируспен ауырмайтынын немесе одан құлан-таза айығып кеткенін растайтын анықтама талап ету ережесі енгізілді. Президент Джо Байден 2021 жылдың желтоқсанында бұл талапты күшейтті. Енді анықтаманы ұшаққа отырарға 24 сағат қалғанға дейін өткізу қажет болған. Бұған «Омикрон» штамы пайда болып, вирус жұқтырушылар санының артуы себеп болған. Қазір АҚШ-қа келгісі келетін шетелдіктер вакциналанған болуы керек. АҚШ-та вирус таратушылар саны 2022 жылдың қаңтарынан бастап, азайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: