Түркістан облысында заңсыз сасыр өндірген 51 шетелдік ұсталды

Түркістан облысы, сасыр Сурет: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында полицейлер заңсыз сасыр өндірумен айналысқан 51 шетелдікті анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырар ауданының полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шара барысында Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты далалық алқаптарда дәрілік сасыр теріп жүрген 51 шетел азаматын анықтады. Оның 31-і Өзбекстан, 17-сі Тәжікстан азаматтары. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көшi-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Шет ел азаматтары соттың қаулысымен елден шығарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз