Қонаев қаласында казинолар жұмысын жалғастыра ма
Сурет: pixabay
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров ведомствоның Қонаев қаласындағы ойынхананың әрі қарай жұмыс істеуі мәселесін қарастыратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мәселе Ұлттық экономика министрлігі деңгейінде талқыланған жоқ. Бірақ, Қонаев қаласының қазіргі ерекше мәртебесін ескере отырып, талқыланады деп ойлаймын. Ол облыс орталығына айналды, сондықтан бұл мәселе әлі де талқылануда деп ойлаймын. ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров
Еске салайық, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда жаңа үш аймақ пайда болатынын айтқан болатын. Содан кейін Алматы облысының орталығына айналатын Қапшағайдың атын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
3 мамырда тиісті жарлыққа қол қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript