Жаңалықтар тізбегі
0

Қант іздеген халық ғаламтордағы алаяқтарға алданып жатыр

қант тапшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2022 09:14 Сурет: Zakon.kz
Қант тапшылығы алаяқтардың табыс көзіне айналды. Қат тауарға айналған шекерді “көтерме бағамен сатамыз “деген ғаламтордағы жарнамаға жұрт жаппай алданып жатыр. Ақшасын аударған соң саудагерлер зым-зия жоқ болады екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір құмшекер еліміздің барлық өңірінде тапшы. Бағасы аспандап кеткен өнімді алу үшін жұрт күні бойы кезекке тұруға мәжбүр. Ақтөбеде шағын дүкендерде тәттінің келісі 700 теңге болса, супермаркеттерде әлеуметтік бағамен 400-450 теңгеге сатылып жатыр, деп жазады КТК телеарнасы.

Екі есе төмен бағамен алу үшін тұрғындар таңнан кезекке тұратын болған. Сарылып кезек күтуге жүйкесі шыдамай жанжал шығаратындар да бар екен. Жақында солардың бірі қантқа келген баланы қуып жіберген.

Шенеуніктер қант кезегінде жанжалдар жиі болып тұратынын айтады.Бірақ ешқандай қарбалас тудырудың қажеті жоқ.

Сіздер де, тілшілер, шулатып, мәселені зорайтып қоясыздар. Осыдан келіп, шулап жүргені жұрттың. Қант сөрелерде жеткілікті. Таңертең де,кешке де. Оған алаңдаудың реті жоқ. Нұрхан Тілеумұратов, Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы

Бірақ ақтөбеліктер қант толы сөрелерді байқай алмай тұр. Олар тіпті шекердің бір келісін алу үшін бірнеше сауда орнына барып, кейде бос қайтамыз, болмаса, қымбат бағаға алуға тура келеді дейді. Қант өндіретін екі зауыты бар Таразда да бұл мәселе күйіп тұр. Жақында әлеуметтік дүкенге тауар әкелгенде ентелеген жұрт дүкеншілерді таптап кете жаздаған. Осы оқиғадан кейін келісі 330 теңге тұратын шекер 450 теңгеге дейін қымбаттапты.Сатушылардың қауіпсіздігі үшін күзет қойылған.

Кешеден бері қанттың келісі 450 теңге болып кетті. Бірақ бағаға қарап жатқан жұрт жоқ. Ұзынсонар кезек, бірін бірі кимелеп ұрсысып тартысып жатқаны. Екі полиция қызметкері күзетіп бізді бірбірден жібердіп тұрды.Бүгін 300 келі қант келіп еді, бір түйір де қалған жоқ.Бір сағатта талап әкетті. Фатима Харсиева, кассир

Қат болған қанттан оңай олжа табуға тырысқан алаяқтар да көбейген. Олар ғаламтор арқылы арзан бағаға қант сатылатынын айтып жұртты қызықтыратын жарнама жариялай бастаған. Тіпті көлікпен әкелінген қап қап шекерді бейнетаспаға түсіріп те көрсеткен.Таразда алаяқтардың арбауына түсіп қалып, есепшотына ақша салғандар да бар.

Өздеріңіз білесіздер, қант жоқ. Ешжерден таппаған соң, ғаламтордан іздедік. “50 келілеп бірақ сатылады” деген хабарландыру ілікті. Ватсап арқылы ғана қоңырау шалуға болады. Телефон көтерген жігіт “ең аз тапсырыс 250 келіге дейін ғана” екенін айтты. Көршілеріммен бірге, телефонына ақша салып, енді оларды таппай отырмыз. Юлия Гемон, Тараз қаласының тұрғыны

Алаяқтарға алданғандарға әзірге ешкім көмектеспеген. Полиция алғашқыда арызды тіпті қабылдамаған. Түрлі деңгейдегі құзырлы органдарға шағымданған соң, алаяқтарды іздеуге уәде берген. Әзірге қанша адамның қант аламыз деп алданғаны белгісіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: