14 маусым – блогерлер күні

Жыл сайын 14 маусымда интернет қауымдастығы блогерлердің халықаралық күнін атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шараны өткізу идеясы 2004 жылы туған. Сол жылы дүниежүзінің 40-тан астам елінен 500 адам бірігіп, бүкіл әлемдегі блогерлер арасындағы достық қарым-қатынастың символын жасады.
Халықаралық блогерлер күнімен қатар әлемде жыл сайын Блог күні деп аталатын мереке аталып өтеді. Ол 31 тамызда өтеді. Бұл күні әр блогер өз парақшасында әртүрлі тақырыптағы басқа 5 блогтың сілтемесін жариялайды, бөліседі.
Блогер – өзінің интернет күнделігін дербес жүргізетін және басқаратын, онда ол өмірінде болған оқиғалар туралы әңгімелейтін, фото-видео бөлісетін, кейбір өзекті мәселелер бойынша пікірін білдіретін адам.
Бөлісу
0
Толық оқу