Ақтөбе тұрғыны жарты миллион теңгесінен айырылып, алаяқтың құрбаны болды

Қылмыстық оқиға Сурет: pexels
Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды. 11 мамырда жәбірленушінің танысы Владивосток қаласынан бағасы тиімді автомобиль қозғалтқышын жеткізіп беретінін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәміленің барлық егжей-тегжейін талқылағаннан кейін ер адам алдын ала төлем сұрады. Ер адам бірден оған 500 мың теңге көлемінде ақша аударған.

Бірақ ақшаға қол жеткізгеннен кейін күдікті байланысқа шықпаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз