Жаңалықтар тізбегі
0

Едіге Емберді ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Мексика, ауыр атлетика, Әлем чемпионаты, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 09:00 Сурет: Instagram/iwfnet
Қоссайыстан жалпы есепте Едіге Емберді 306 келіні (134+172) бағындырды. Серпе көтеруден де жастар арасында жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Едіге Ембердң ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды, деп сүйінші сұрады Халықаралық ауыр атлетика федерациясы.

Әлем чемпионаты Мексиканың Леон қаласында өтті. Биатлонның жалпы есепте Едіге Емберді 306 келіні (134+172) бағындырды. Сондай-ақ серпе көтеруде жасөспірімдер арасында жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Өзбекстандық Диербек Эрматов күміс, канадалық Брайан Ибаньес қола жүлдені еншіледі.

Едіге Ембердінің алтыны Қазақстан ұлттық құрамасының қанжығасына байланған екінші медаль болды. Бұған дейін зілтемірші Ерасыл Сәулебеков 67 келіге дейінгі салмақта жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: