Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль алды

instagram.com/wf_rk, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 17:12 instagram.com/wf_rk
12 қазанда әлем чемпионатының тұғырына Қазақстанның тағы бір өкілі – Руфина Шалқарова шығады.

Ауыр атлетикадан Сауд Арабиясында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталып келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлем біріншілігінің аяқталуына 2 күн қалғанда жас ауыр атлет Рахат Бекболат Қазаақстанды әлемге танытты. Қызылордалық 17 жастағы әлемдік рекордшы 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, төрт қарсыласын артқа тастады.

Рахат Бекболат жастар арасында осы салмақ дәрежесінде әлемдік рекордқа ие.

Жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Рахат өзінің үшінші талпынысында серпе көтеруде 155 кг көтеріп, алтын жүлдені қанжығасына байлады. Ал Түркиядан келген Танер Чаглар 152 келіні көтеріп, "күміс" жеңіп алса, 151 келіні көтерген поляк Шимон Циолковский қола медальға ие болды.

Бекболаттың басқаларына қарағанда айқын артықшылығы болды. Ол алғашқы талпысын 185 кг-нан бастады, өзінен кейінгі орында келе жатқан қарсыласынан 14 кг-ға артық. Нәтижесінде 200 кг көтеруде алтын медаль жеңіп алды, бұл оған жалпы есепте бірінші орынды оңай әкелді.

Ирактан келген Аммар Рубайави Али 170 кг, 180 кг және 185 кг көтеріп, күміс медальға ие болды.

Аталған әлем біріншілігінде Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды. 12 қазанда әлем чемпионатының тұғырына Қазақстанның тағы бір өкілі – Руфина Шалқарова шығады.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: