Қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында тағы бір алтын алды
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің соңғы күні қазақстандық спортшы Руфина Чалкарова алтын медальға ие болды, деп хабарлайды zakon.kz.
16 жасар Руфина Чалкарова 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алматы облысынан келген спортшы бірінші талпыныстан бастап өз қарсыластарынан қара үзіп, 100 кг-ны көтерді (әлемдік рекорд-110 кг). Ал, екінші орын алған түрік қызы Фатмагуль Севик 95 кг көтере алды.
Руфина алдын-ала 125 кг-ға өтінім берді, бұл оның басқа спортшылардан мықты екенін көрсетті. Платформада да ол өз күшін дәлелдей алды. Бастапқы салмақты көтеріп алғаннан кейін Чалкарова одан әрі 130 кг, үшінші талпыныста 140 кг көтерді.
Бақытжан Отарбаева