Шымкентте жалған полицей ұсталды

жалған полиция қызметкері Сурет: polisia.kz
Шымкент қаласы Полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полицей озбырлығының құрбаны болғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматшаның айтуынша, бейтаныс адам өзін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан.

Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін “полицей” әйелден ай сайын оған 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады.

Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екендігі анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз