Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейту ұсынылып отыр

қаржы пирамидасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 14:12 Сурет: Zakon.kz
ҚР парламенті мәжілісінің отырысында қаржы пирамидасына қарсы іс-қимыл жөніндегі түзетулерді әзірлеушілердің бірі депутат Юрий Ли Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша айыппұл мен жазалау мерзімін қайта қарау туралы шешім екінші оқылымда қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын және оған қарсы іс-қимылды мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізуді көздейді. Әңгіме 217-бап туралы. Оған ұсынылған нормаларға сай жаза қатайтылады.

Отырыстан кейін депутат Юрий Ли айыппұл мен бас бостандығынан айыру мерзімін ұлғайту туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

Тікелей 217-бап («Қаржы пирамидасын құру және басқару» – ред.) туралы айтсақ, онда біз жазаны қатайттық. Айыппұлдың төменгі шегін 1000 АЕК-тен 3000 АЕК-ке дейін көтердік. Бұған дейін 0-ден 3 мың АЕК-ке дейін болды. Қоғамдық жұмыстар 800 сағатқа дейін еді, оны біз 1200 сағатқа дейін создық. Бас бостандығынан айыру 3 жылдан 5 жылға дейін еді. Жазаның ең ауыр шарасы – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды 12 жылға дейін көтердік. Жалпы біз 217-баптың мағынасын өзгерткен жоқпыз, өйткені ол бойынша тәжірибе қалыптасқан.Юрий Ли

Юрий Ли отырыста қарауға ұсынылған заң жобасының негізгі мақсаты қаржы пирамидасын құру жауапкершілігін күшейту, сонымен қатар оларды жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру екенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: