28 қаржы пирамидасы: Қаржылық мониторинг агенттігі халыққа тағы үндеу жолдады

ҚР ҚМА, қаржы пирамидасы, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 12:39 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәлімет бойынша, биыл барлығы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде 1-уі шет мемлекеттің азаматына қатысты. Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттіктің мәліметінше, 3 мыңнан астам сайт бұғатталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: