Сенат Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жаңа судьяларын сайлады

ҚР Жоғарғы сот судьялары, ҚР парламенті сенаты Сурет: senate.parlam.kz
ҚР Парламенті cенатының жалпы отырысында депутаттар Жоғарғы сот судьясы лауазымына ұсынылған кандидатураларды қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы қарауларыңызға Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан Сарманқұлұлын және Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрышев Қамбар Жұмабайұлын Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы лауазымына сайлау туралы ұсыныс енгізді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп

Ол ұсынылған тұлғалардың 33 жылдан астам судьялық тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Содьялық қызметі аудандық соттардың халық судьяларынан басталып, облыстық соттарды басқарды. Олар судьялар қауымдастығында беделді әрі Жоғарғы сот судьяларының жауапты жұмысына дайын. Денис Шипп

Талқылау нәтижесінде сенаторлар судья лауазымына ұсынылған кандидаттарды сайлауға дауыс берді.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз