Мұнай бағасы көтеріле бастады

Мұнай, мұнайдың әлемдік бағасы, мұнай бағасы, Қытай, санкция Сурет: pixabay
Бейсенбі күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы шикізатты жеткізуге қатысты алаңдаушылыққа байланысты өсе бастады. Мұны сауда деректері көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:06-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 0,3%-ға өсіп, 118,87 доллар болды. WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,45%-ға өсіп, 115,83 долларға жетті, деп жазды 1prime.ru.

Мұнайды жеткізуге қатысты алаңдаушылық Ресейдің энергетикалық секторына қарсы санкциялар мен Қытай тарапынан сұраныстың жоғары болуы мүмкін деген болжамға байланысты туып отыр. Қытай – мұнайды көп мөлшерде тұтынушы әрі импорттаушының бірі. Бұл мұнай бағасының негізгі қолдауы болып қала береді.

Брент 25 сәуірден бастап барреліне 100 доллардандан түскен жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз