Мұнай бағасы төмендей бастады
Сурет: pixabay
Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуі жөніндегі ақпаратқа деген алаңдаушылық жағдайында мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттық деректері көрсеткендей, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17:14-тегі жағдайға сүйенсек, инвесторлар Қытай тарапынан мұнайға деген сұраныс тәуекелдерін осылайша бағалаған. Brent маркалы мұнайдың шілде фьючерстерінің бір баррелінің бағасы 1,02%-ке, яғни 107,98 долларға дейін, WTI маркалы шілде фьючерстерініңбір баррелінің бағасы 1,41%-ке, яғни 105,62 долларға дейін төмендеді.
Таңертең бағалар жоғарылап жатқаны да атап өтіледі.
Мұнайдың ең ірі импорттаушысы - Қытай бұған дейін 1 маусымнан бастап Шанхайда коронавирус шектеулерін алып тастауға ниетті екендігін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, БАҚ-тың хабарлауынша, басқа қалаларда COVID-19 ауруының жаңа ошақтары пайда болды. Осылайша, инвесторлар отынға деген сұраныс қайтадан төмендейді деп қобалжиды", – делінген Прайм агенттігінің хабарламасында.
Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сессия аяқталғаннан кейін сауда-саттықта доллардың орташа бағамы төмендеп, евро бағамы, керісінше, көтерілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript