Жаңалықтар тізбегі
0

Мұнай ОПЕК+ отырысынан кейін арзандай бастады

Мұнай ОПЕК+ отырысынан кейін арзандай бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 17:00 Сурет: pixabay
Мұнайдың әлемдік бағасы 3 маусымда төмендей бастады. Нарықтар «қара алтынның» құнына әсер етіп, ОПЕК+ отырысының нәтижелерін бағалай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Baker Hughes статистикасын күткен сауда деректері Нұр-Сұлтан уақытымен 15:46-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 0,7%-ға, 116,8 долларға дейін, WTI үшін шілдедегі фьючерстері 0,8%-ға, $115,94-ке дейін төмендегенін көрсетеді.

Инвесторлар 2 маусымда жарияланған ОПЕК+ отырысының нәтижелерін бағалауды жалғастыруда. ОПЕК+ елдері шілде-тамыз айларында мұнай өндіруді қарқынды түрде ұлғайту туралы шешім қабылдады: жоспарланған ай сайынғы өсім тәулігіне 432 000 баррельдің орнына 648 000 баррель болады. Өндіріс көлемінің артады деген болжамы мұнай бағамдарына кері әсерін тигізеді, дейді Прайм.

Ел атынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысқан ОПЕК+ мүше-елдері министрлерінің видеоконференциясы барысында Қазақстанның ОПЕК келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін арттыратыны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: