Бір баррелі 100 доллардан асқан Brent мұнайының бағасы төмендей бастады
Сурет: Zakon.kz
Сауда-саттық деректеріне сәйкес, мұнайдың әлемдік бағасы төмендеу қарқынын жеделдете түсті. Мамыр айындағы фьючерстердің бағасы 7%-дай арзандады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Brent маркалы мұнай барреліне 99,08 долларға (шамамен 51,3 мың теңге) сатылып жатыр. Осы жылдың 1 наурызынан бері мұндай баға алғаш рет тіркеліп отыр.
Мәскеу уақытымен 14:12-дегі (Нұр-Сұлтан уақытымен 17:12) жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 7,28%-ға арзандап, 99,08 доллар болды. Барреліне 100 доллардан төменгі көрсеткіш 1 наурыздан бері алғаш рет тіркелді, – деп хабарлайды РИА Новости сауда деректеріне сілтеме жасап.
WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны барреліне 7,78%-ға арзандап, 94,99 доллар болды.
Айта кетерлігі, 15 наурыз күні сағат 15:30-да қор биржасында Қазақстандағы доллардың орташа сараланған бағамы 512,19 теңгеге жетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript